Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен бірге Ақтөбе ауыл округіне барып, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарымен танысты.
ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жаңадан 22 мың гектарға орналастыру жоспарланған.