"Бетін ашпай, қоштастық": Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кетті
Марқұм Қуаныш Сербаев 44 жаста болған. 11 маусым күні жүк тиеп келе жатып, кенеттен көлігі жол бойында аударылып кеткен. Апатқа ұшыраған көлік өртене бастаған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жарты сағатта жеткенімен жүргізушіні аман алып қалу мүмкін болмапты.