1xadv

Үлкен жеңістің бірі болады: WBА чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері және WBSS бірінші кезеңінің жеңімпазы Каллиум Смит Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін хабарлады

ашық дереккөз

Боксшы GGG-дің бокс әлемінде үлкен беделі бар екенін, жоғары салмақтағы боксшылар да Головкинмен теңесе алмайтынын айтқан.

"Оның аты әйгілі. Мен бұл ойынды қаржылай жағынан жақсы кездесу болады деп ойлаймын. Ал оны жеңу үлкен жеңістің бірі болады", - дейді Каллиум Смит.

Чемпион Головкиннің "Канелодан" жеңілуі оның абыройына еш нұқсан келтірмегенін жеткізді.

"WBSS финалында Гроувз менімен шаршы алаңға шығуға дайын болмаса, жаттықтырушым Галлахер орнына Головкинді ұсынатынын айтқан. Мен оған "Джо, сен мені жақсы көрмейсің бе?" деп жауап бергенмін", - деді Смит.

Боксшы оның жанкүйерлері GGG-мен кездесу өткізгенін қалайтынын айтты.

Loading...