1xadv

Қуат Хамитов: Әсіресе жекпе -жектен кейінгі төбелес ұнады

Спортшы осы тұста өзінің де UFC-ге ауысқысы келетінін айтып қалды

ашық дереккөз

Аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы болуды армандап жүрген Қуат Хамитов бүгінгі  Хабиб Нурмогамедовтың көрсеткен "өнерін" әзілдей отырып, халықты күлкіге қарық қылды. "Міне нағыз жекпе-жек. Бәрінен де  жекпе-жек соңындағы төбелес ұнады. Бұл жағдай қазақ тойының соңын есіме салды. Бұл кездесу тарихта қаларына сенімдімін. Екі жауынгер спортшыға да осындай шоу үшін алғыс айтамын. Мен де UFC-де өнер көрсеткім келеді" деп жазды  Қуат Хамитов.

Loading...