1xadv

Алматыда өлі күйінде табылған журналисттің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Журналист әрі продюсер Әйгерім Мұсаеваның неден қайтыс болғаны анықталды. Белгілі болғандай, 27 жастағы келіншекті пойыз басып кеткен

ашық дереккөз

20 қазан күні үйінен шығып, өлі күйінде табылған Әйгерім Мұсаева "Хит-тв" арнасындағы "Қыз жолдас" бағдарламасының продюсері болған. Белгілі болғандай,  Әйгерім бала күтіміне байланысты декреттік демалыста болған.

Сол күні ол күйеуімен ренжісіп, құжатсыз, телефонсыз үйінен кетіп қалған.

Бұл деректі полиция департаментінің баспасөз қызметі  де растап отыр.

Қазір қайғылы қазаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан күні жоғалған журналисті жақындары әлеуметтік желі арқылы іздеген болатын. Алайда ертесіне екі балалы келіншектің денесі табылған.

Loading...