1xadv

"Күйеуім секс-маньяк": Өзінен 15 жас үлкен күйеуінен қорлық көрген әйел 4 баласын тастап қаңғып кетті

Әйел балаларын сағынып қиналса да көлік жуу орталығында түнеп, сол жерде жан бағып жүр

ашық дереккөз

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны Нұрғали төрт баланы қарт әкесі екеуі асырап отыр. Бұл туралы KYN.KZ сайты "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып жазды «Түрлі әлеуметтік желіге терміліп, сол жерден таныстар тауып үйден кетіп қалды. Кіші балам 2 айлығында Таразға тастап қашып кетті. Баламды ешкінің сүтімен бақтым. Одан қайта келді. Содан балама  сегіз ай болғанда қайта қашып кетті. Содан әлі жоқ. Міне, екі жыл болды», - дейді жалғызбасты әке, Нұрғали Тұрлыбеков. Күйеуінің 80мың теңге жалақысын алып үйге азық-түлік алуға шыққан  әйел Ақтаудан бірақ шығады. Сол жақта жүріп «Ақтауға кел. Мұнда өмір рахат», - деп хат жолдаған. «Кешке жұмыстан келсем бала-шағам жылап отыр. «Мама үйге келген жоқ»деп. Телефоны өшірулі. Артынша бір аптадан соң осындай хат келді», - деп әңгімесін жалғады отағасы. Қыздарымен тілдескен уақытта, «мамамды өмір бойы кешіре алмаймын. Ол бізді тастап кетті», - деп қысқа қайырды үйдің үлкені. Әрине, кінәлі тек бір жақтан емес. Таяқтың екі ұшы болады. Мән-жайды толықтыру үшін Динара Оспанованың төркінінің пікірі тыңдалды. «Динараның қазір қайда екенін білмеймін. Үш жасында анасынан айырылған. Немеремді өзім өсірдім. Ақындығы бар. Өте белсенді болатын. Оқуға түсірдім жұрттан қалмасын  деп. Барып келіп жүріп күйеуге шығамын дегенді шығарды. «Қой!» дегенді тыңдамады. Күйеуі өзіенен 13-15 жас үлкен. Бастапқыда ұнатпадым. Бірақ, өз еркімен кеткен соң ештеңе демедік» - дейді көкек ананың апасы Амантай Оспанова. «Барлығына күйеуі кінәлі. Ұрып-соғып, күн бермеген отбасымен. Ол содан қашты. Бірақ, балаларыңның көз жасына қаласың деп қанша мәрте үйіне апарып тастадық. Бірақ, жағдай осылай болды» , - деп ашынып отыр Амантай апа. Жылы орнынан қашып авто жуу орнында жұмыс жасап жүрген төрт  баланың анасы  Динараныңда өз шындығы бар. «Үйге қайтпаймын. Мен ол адаммен бірге тұра алмаймын. Балаларымды сағынамын. Бірақ, бара алмаймын. Оларды да алып кете алмаймын.  Барар жерім белгісіз. Мен оларды қаңғыртып қайда алып жүремін», - дейді  іші агрессияға толған Динара.  Кім не десе де ана балаларының жанында болуы тиіс. Аялы алақанымен баласының басын сипам, айналып отырғанға не жэетсін. Десе де әркімнің өз шындығы бар. Енді бұл іспен тек қана құқық қорғау органдары айналыса алады.

Loading...