1xadv

Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бұған дейін ол еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарған еді

ашық дереккөз

Президент әкімшілігінде жаңа кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұған дейін еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарған Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды.
Тамара Дүйсенова Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды. "Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында. Ол 4 мамырда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаеваның орнына келді.

Loading...