1xadv

Ең талантты әншілерді әлемдік сахнаға шығарған продюсер Мұтар Ерғалиев бақилық болды

Ол Медеу Арынбаев, Димаш Құдайберген сынды әншілердің өнерін шыңдауына жол ашқан жол көрсетуші

ашық дереккөз

«Азия дауысы», «Жас қанат» ірі жобаларының бас продюсері Мұрат Ерғалиев коронавирус дертімен ауырып, бүгін бақилық болды, деп жазды KYN.KZ. Атақты «Жас Қанат» мектебінен Медеу Арынбаев, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дұғалова, Маржан Арапбаева сияқты әншілері, тіпті бүкіл әлемді өзіне қаратқан Димаш Құдайберген де түлеп ұшқан болатын. 16 жасынан телевизия саласында қызмет еткен продюсер көптеген жас талантқа демеу болып, өнерін шыңдауға қолдау көрсеткен. Ол бір ай бұрын ғана туған әпкесін мәңгілік сапарға шығарып салған еді. Бүгін өзі 74 жасқа қараған шағында бақилық болды. Қазақстан халқы оның жүзін жақсы білмегенімен, оның қолынан түлеп ұшқан шәкірттерін жақсы таниды. Әлеуметтік желіде көпшілік оның қазақ музыка өнерінің дәріптелуіне қосқан үлесі зор екенін жарыса айтып жатыр.

Loading...