1xadv

Министрлік өрт сөндіруші өліміне әкелген өрттің шығу себебін айтты

ашық дереккөз

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Қаһарман" тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебін анықтады."Өрттің себебі - ұзартқыш желісіндегі ақаулық.

Оның салдарынан электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған", - делінген хабарламада.Еске салсақ, 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында өрт шықты. 

Өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпіров өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған және көрші пәтерлерден бес адамды құтқарды. Он адамды қауіпсіз жерге көшірді.Өрт сөндірушілердің денесі күйіп, Асқар Забикулин ауруханада қайтыс болды.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті электр желілері, розеткаларда ақау бар-жоғын тексеріп отыруға кеңес берді. Басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдаланбау керектігін атап өтті. "Биыл елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде.

Әдетте, өртке тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы себеп болады. Тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саналы жауапкершілік көрсетуді ұсынамыз", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Дереккөзі:Sputnik.kz

Loading...