Ер адам мектеп оқушысын ажал аузынан аман алып қалды (видео)

ашық дереккөз
Қазақстан өңірлерінің бірінде жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан ер адам басын қатерге қойып кішкентай баланы аман алып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Асқан жылдамдықпен әрекет еткен ер адам болмаса, оқиғаның соңы апатпен аяқталары сөзсіз еді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көріп отырғанымыздай, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адамға қарсы бағыттан мектеп оқушысы келе жатады. Ер адамның сол жағынан жүйткіп келе жатқан автокөлікті көрген ол көліктің тоқтауға үлгермейтінін сезіп, баланың дереу қағып, қарсы бетке шығарды. https://youtube.com/shorts/UnaOfaTFUnA?feature=share
Loading...