1xadv

«Есі ауысқан ба»: Шымкент қаласында қыстыгүні гүл ектірген Әйтеновті ел сынады (видео)

ашық дереккөз

Шырайлы Шымкенттегі Барыс базарының маңындағы көшелерге қақаған қыста гүл егуді бұйырған қала әкімі Мұрат Әйтеновтың әрекеті тағы да зая кетті. Оның бұл ісін халық құптамай, жыл аяғында бюджетте қалған ақшаны игерудің бір жолы деп сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Құрметті қауым, қыстың күні гүл иіскегілеріңіз келсе, Шымкентке келсеңдер болады! Бірақ... Қардың астын қазып алып иіскейсіздер ғой! Әйтенов, сен бізді таң қалдырудан шаршамайсың», - дейді заңгер. Қала әкімінің істеген жұртқа да жақпай, біразы күлкі етсе, ал біраз бөлігі әкімнің сөзін сөйлеп, осындай уақытта гүл егудің дұрыс екенін айтады. «Жыл аяғында бюджеттің ақшасын игеру үшін бәрін істейді бұлар», «Кайран Шымкент барлык жағынан алда гой», «Қашан ел боламыз бұл жағдайда», «Бюджеттің ақшасы ысырап болса,сотқа тартылсын шенділер», «Мә, бұндай да бола ма», «Қадағалайтын органlардың барлығы сыбайлас-ау», «Ия, егіп жатыр. Ертең қар жауады деп жатыр, бидайға ұқсатып қар астында қалса, көктемде жақсы көгереді деп бір білгіш айтқан шығар. Бірақ ертең көшеге құм, тұз шашады. Оны көліктер жан-жаққа шашып, гүліміз көрінбей қалады», «Осы қателікті жіберген орынбасары сотталуы керек, қаржыны талан-таражға салғаны үшін», «Суық болып тұр, қарашаның басында неге гулдерді жәйғастырып көміп тастамаған», «Есі ауысқан ба», «Қазіргі таңда қаламызда көктем маусымында ерте гүлдейтін қызғалдақ және хризантема гүл көшеттері егілуде. Аталған гүлдер де жылда осы уақытта егіліп, көктемде гүлдейді. Сондықтан гүлдердің өсуінде мәселелер туындамайды», - деп шулап жатыр әлеуметтік желідегілер. Айта кетейік, Шымқалаға 2 жылдан бері басшылық етіп келе жатқан әкім Мұрат Әйтенов бірнеше күн бұрын қала әкімдігіне қайта тағайындалып, өз қызметінде қалды. https://youtube.com/shorts/T5o7P1f2Yjo?feature=share

Loading...