1xadv

Айнұр Тұрсынбаева Стамбұл төрінен алған вилласын көрсетті (видео)

Тұрсынбаева әлеуметтік желіде Стамбұлдан алған зәулім сарайын жұртқа көрсетті

ашық дереккөз

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде Стамбұлдың төрінен алған зәулім сарайын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ. Оның айтуынша, мақсатын қағазға түсірерде «намазханасы бар үйді» жазған. Сондай-ақ Қазақстаннан қонақ жиі келетінін айтып, қазақы стильде жасақталған, терезесі теңізге қараған үлкен бөлмесін көрсетті. «Бұл үйді көрген кезде алатын мүмкіндігім болған жоқ. Стамбұлдың айналасындағы үйлерді зерттеп жүріп, осыны ұнатып алты рет келдім. Үйдің иесіне өз ұсынысымды айтып едім, көнбеді. Алтыншы рет хабарласқан соң, болды алмаймын деп шештім. Өзімнен-өзім отырып, Аллаға дуға еттім. Сосын үй иесіне соңғы рет хабарласып көрейінші дедім. Айтып жүрген ұсынысымды айтып едім, бір жыл бойы көнбей жүрген қожайын «жарайды, алыңызшы», - дейді Тұрсынбаева. Ақынның үйін көрген жұрт құттықтап, өздеріне де осындай үйдің жұғысты болуын тіледі. «Машаллах! Барша қазақ баспаналы болсын», «Елім тыныш, Президентіміз, халқымыз аман болсын. Балалар ауырмасын, Аналар жыламасын. Бай-қуатты, абыройлы халық болайық», «Армандар орындалады», «Құтты шаңырақ болсын! Күшті! Куйеуіңізбен осы үйде бақытты ғұмыр кешуді Алла нәсіп етсін. Бізге де үлкен үй жұғысты болсын», «Мейіріммен салынған. Махаббатпен алынған үй екен. Қасиетті жерден осы хатты оқыған Қазағым сіздікіндей шаңыраққа жетсін деп тіледім», - дейді желі қолданушылары. https://youtu.be/hR07iPVy6As

Loading...