1xadv

Елорданың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек ЛРТ жобасының 2-3 жылда нүктесі қойылатынын айтты

ашық дереккөз

Әкім 2005 жылдары басталған құрылыс бітуге таяп қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ. «ЛРТ қаржыландыру мерзіміне байланысты екі-үш жылдың ішінде аяқталады. Газдандыру да жалғасатын болады, қазір ол бүкіл жеке сектор бойынша белсенді жүріп жатыр. Газдандыру қарқыны төмендемейді», - дейді Жеңіс Қасымбек. Айта кетейік, үкімет биыл ЛРТ құрылысына 20 миллиард теңге бөлді. 2023 жылы темірбетон конструкцияларды орнатуға кірісіп, инженерлік желілерді толықтай жүргізу жоспарланып отыр.

Loading...