1xadv

"67 мың айлықты 1 отбасы 30 күнге қалай жеткізсе болады?":Заитов шенеуніктерге театрдағы күкөрісті айтты

Ақын қоластындағылардың айлығын айтып, дүкендегі бағаларға шаққанда 1 апта ғана күн көруге болатынын айтты

ашық дереккөз

Айтыскер ақын, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, Мәдениет саласының үздігі Ринат Заитов халықтың кедейлікке белшесінен батып бара жатқанын айтып, ақ жағалыларға хат жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желіде жариялаған хатын ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен және Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа жазды.

Бұл хатты жоғарыда аты аталған лауазымды тұлғаларға жолдауымның себебі, қойылғалы тұрған сұрақтың нақты жауабын тек солар ғана бере алатынын білемін. Өкінішке қарай, көтерілгелі тұрған мәселе жалғыз Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғана емес, күллі халықтың қабырғасына батып тұр.
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматы қаласына ғана емес, Қазақстан мемлекетінің барлық аумағына атадан қалған асыл мұра – ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңаша үлгіде таныстырып, насихаттап отырған бірден-бір мекеме. Менің бұл театрға тағайындалғаныма 703 күн болды. Аталған уақыттың ішінде ұлттық өнерге, мәдениетке бар күш-жігерімен үлес қосып, өз мемлекетінің қарыштап дамуын қалайтын азаматтардың бар екеніне менің көзім әбден жетті. Ол – аталмыш театрдың ұжымы.
Жауабын сіздер білулеріңіз керек. Олай дейтін себебім, мемлекеттің шешуші лауазымдарына орналасып, теледидардан «Қазақстан дамып келе жатыр, елдің жағдайын жаман дейтіндер экстремистер, популистер мен арандатушылар» деп айдар тағып отырған өздеріңіз. Мені де сол қатарға оңай қоспауларыңыз үшін сұрағыма қанағаттанарлық жауап тауып бере алсаңыздар, қызметімді өз еркіммен босатып, сіздердің тараптарыңызға бірде бір жаман сөз айтпай, берген барлық мадақ-атақтарыңызды қайтарып беріп, сонымен қатар айтыстан ұтқан «Асыл домбырамды» сыйға тартуға уәде беремін, - дейді Ринат Зайытов.
 width=  width=

Loading...