1xadv

Сусиыр 2 жасар баланы жұтып, қайтадан түкіріп тастады

Дәрігерлер есін білмей келген баланы оятып, ешқандай да ауыр жарақаты жоқ деп сол күні үйіне қайтарды

ашық дереккөз

Угандада сусиыр екі жасар балаға шабуыл жасап халықты шошытты. Ата - анасы су жағасына баланы отырғызып, жұмыстарымен жүреберген. Кенет судан сусиыр шығып баланы  тістелей бастаған. Мұны көрген халық шоығаннан сусиырға жабыла тас ата бастайды.  Баланы толықтай аузына салып алған сусиыр тұмсығын жауып, сүңгіп кетпекші болды. Елдің шуынан шошыса керек, қайтадан жағаға бұрылып, баланы құрғақ жаққа қарата түкіріп жіберген. Көпшілік есін білмей талып жатқан баланы жуындырып, бірден жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер келмей жатып тұрғындар  баланы  жасанды тыныстандыру арқылы есіне келтіреді. Ауруханаға жылап барған Пол Ига есімді балақай не бәрі екі сағаттың ішінде толық тексеруден өтіп, денсаулығына ешқандай зиян келтірілмегені нақтыланғаннан кейін үйіне жіберілген.

Loading...