1xadv

Тамара Дүйсенова зейнетке шыққан қызметкерлердің неліктен жұмыс істеп жүргенін түсіндірді

ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетке шыққан қызметкерлердің неліктен жұмыс істеп жүргенін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Ведомство басшысының айтуынша, еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілерге сол адамның жұмыс тәжірибесіне қарай еңбек келісімшартын жалғастыруды не тоқтатуды айқындау мүмкіндігі берілген. "Көптеген жұмыс беруші зейнетке шыққан адамдарды бұрынғы лауазымында алып жүрген жалақысымен қалдырады", - дейді сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр. Оның атап өтуінше, Еңбек министрлігі мұндай мүмкіншілікке тосқауыл қоймайды. "Мұның үстіне олар республикалық бюджеттен берілетін зейнетақы төлемін алады. Иә, жекелеген жағдайда отбасылық бюджеттің қажеттілігі үшін жұмысын жалғастырып жүрген адамдар да бар. Яғни, біз олардың жұмыс істеуіне кедергі болмаймыз. Бұл адамның өз таңдауы", - дейді Тамара Дүйсенова. Сондай-ақ ведомство басшысы тілшілердің "зейнет жасына жеткеннен кейін жұмыс істеуді жалғастырасыз ба?" деген сауалына да жауап берген. "Егер менің тәжірибем қажет болса, онда жұмыс істей беремін. Ал егер тәжірибем қажет болмаса, онда менде зейнетте боламын. Зейнетақы төлемін алып отырамын", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Loading...