1xadv

Музарт тобының әншісі Кенжебек тойда шашын жұлған ер адамды итеріп жіберді

Кенжебек Жанәбілов:"Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?"

ашық дереккөз

Желіде Кенжебек Жанәбілов тойда шашынан тартқан ер адамды итеріп жіберген видеосы тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Бұл видеоны әншінің өзі де инста парақшасына жариялаған еді. Онда “Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?”, – деп жазба қалдырды. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. “Дөрекілік таныттыңыз, өз деңгейіңізді түсіріп қажеті жоқ”, “Көкіректен итермей басқаша жол жасауың керек еді”, “Әртістер мәдинетті, сабырлы болу керек”, “Әкеңдей адамды итергенің ерсі көрініп тұр”, “Сіздікі дұрыс”, “Сабырлығыңызға ескерткіш қою керек”, “Дардай азамат үшін ұят”, “Дұрыс жасадың”, – деп ойларын ортаға салды.  

Loading...