1xadv

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

ашық дереккөз

Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Tengrinews.kz архив суреттерді жинап, Мемлекет басшысының өмірбаяны туралы шолу жасап өтті. Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады. "Бұл - Президенттің ұстанымы. Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Қазақстанда немесе Қытайға сапары аясында туған күнді тойлау шаралары болмайды", - деді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін салушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.  width= 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Қытайдағы КСРО елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтті.  width= 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке кірді. Сингапурдағы кеңес елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына қайта оралды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, кейін Қытай Халық Республикасындағы елшілік қызметке жіберіліп, 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші қызметтерін атқарды.  width= 1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.  width=

1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды.  />

1999 жылы наурызда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. 1999 жылы қазанда парламенттің келісімімен президент жарлығымен премьер-министр болып тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары сыртқы істер министрі болды. Осы лауазымда ол ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске белсенді атсалысты.

<img src=
 

Loading...