Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Биылғы жаңалық - елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады. Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:
- балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;
- оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;
- оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.