Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

Әйкерім Нұртас: Ата-енең әрқашан сенің жағыңда болған кезде

ашық дереккөз

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келініні Әйгерім Нұртас елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.  Бұл ойын Әйкерім желідегі ресми парақшасында мәлім етті. «Ата-енең әрқашан сенің жағыңда болған кезде, шынайы оқиғаға негізделген», - деп жазды Әйкерім Нұртас. Нұртас әулетінің екінші келінінің желіге осы жазбаны салғаны сол еді, көпшілік жылы лебізін білдірген.  Олар әсіресе Әйгерімді Жұлдыз Әбдікәрімовамен салыстырып, оның шынайы әрі ата-енесіне ең жақын келіні екенін айтқан. «Әйгерім, жарайсың, ата-ененің көңіліне қарайтын келін осы әулетті сенсің ғой деймін, осы жасаған қызметің бала-шағаңның алдынан қайтсын», «Жұлдызды емес, осы Әйгерімді мақтайды Гүлзира ханым да, соған қарағанда келіндерінің ішіндегі ең тәуірі осы болды-ау», «Әдемі отбасы, бақытқа лайықсыңдар» деп ойларын ортаға салды.   

Loading...