1xadv

Шымкентте бір топ жігіт зорлағаннан кейін екі оқушы жүкті болып қалды

Шымкентте 2018 жылы 18 жасқа толмаған 16 қыз жүкті болып «Аналар үйіне» түскен. Олардың 8-і әлі сонда тұрып жатыр.

ашық дереккөз

Екі қыз топтық зорлау оқиғасының құрбаны болды. Бірін күйеу жігіті алып қашып  кеткен, деп хабарлайды Астана арнасы. Отбасылық тәрбие институтының басшысы Владимир Устименко мұндай жайттың еліміздің барлық аймағында кездесетінін айтады. Кәмілетке толмағандар арасында бала туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау өңірі бірінші орында. Жыл басынан бері мұнда 20 қыз ана болған. Екеуі 15 жасқа да толмаған. Оларды күйеужігіттері алып қашып үйленген. Дәрігерлер ана болуға дайын емес жас қыздардың сәбиінің денсаулығына алаңдайды. «Егер ісікпен босанса, мерзімінен бұрын босануға тура келеді. Қысымның салдарынан преэклампсия болуы мүмкін, ондайда  уақытынан бұрын босандырады. Сол себепті бала шала туады», – дейді облыстық перинатарлық орталықтың бөлім меңгерушісі Әлия Жұмахатова. Осындай ауру себебінен 13 жеткіншек қыз жүктілігін жойған. Бас дәрігер Асман Оспанова мұндай босанушы қыздардың ата-анасымен, құқық қорғау органдарымен түсіндіру жұмыстары жүретінін айтады.

Loading...