1xadv

Әуелбекова экс-күйеуінің ұлын іздемейтінін айтып жылап қалды

Әнші: Ең бастысы мені қолдайтын жандар қасымда

ашық дереккөз

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқаны жайлы айтып жатып отандық арналардың біріне берген сұхбатында көз жасына ерік берді. Айтуынша күйеуі ұлы мен келіншегін тастап, хабарсыз кетіп қалған. Бұл оқиғаны біраз уақыттан бері жасырын ұстаған әнші ендігіде, тек алға ұмтылатынын айтып жатыр. “Осымен тақырыпты рұқсат болса жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда! Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін” – деп жазды Әуелбекова жеке парақшасына. Көпшілік әншіге басу айтып,қолдайтындарын жеткізіп жатты.

Loading...