Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйеуін «педофил» деген блогерді бірнеше ата-ана сотқа берді

Күйеуін «педофил» деген блогерді бірнеше ата-ана сотқа берді
Сурет: Видеодан скриншот
Құлпынай Қалменова күйеуінің кәмелетке толмаған қыздармен жазысқан хаттарын жариялаған болатын

Күйеуі кішкентай қыздарға хат жазды деп айыптаған қазақстандық блогер Құлпынай Қалменованың атына төрт арыз түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бұған дейін хабарланғандай, бұл оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, аталған полиция бөліміне азаматша К-ға (жазбалардың авторы) қатысты, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен төрт арыз түскенін хабарлаймыз", – деп толықтырды полицейлер.

Еске салсақ, қаңтар айының басында қазақстандық блогер Құлпынай Қалменова күйеуін педофил деп, оның кәмелетке толмаған қыздармен жазысқан хаттарын жариялаған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар