Назым Қызайбай: “Олимпиаданың қоласы үшін берілетін 75 мың доллар сыйақыны әлі берген жоқ”
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 сәуір, 2025
- 611

2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне тиесілі мемлекеттен тағайындалған сыйақысын әлі алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшының айтуынша, 75 мың доллар көлеміндегі сыйақы мен пәтердің кілті берілмеген.
«Олимпиаданың қоласы үшін берілетін 75 мың доллар сыйақыны әлі берген жоқ. Сол кезде бізге көлік пен пәтерге сертификат пен қаржылай сыйлықтар берілді. Көлік пен ақшаны сол сәтте берді, ал пәтерді 1,5–2 айда тапсырамыз деген. Бірақ қазір алты айдан асты», – деді спортшы.
Алайда әкімшіліктен хабарласып, пәтердің кілттерін табыстайтынын айтқан.
“Жақында ғана әкімдіктен хабарласып, барлық спортшылар жиналған кезде кілттерді табыстайтынын айтты. Қазір соны асыға күтіп жүрміз”, - деді Қызайбай.
Қазақстандағы Олимпиада жүлдесі үшін төленетін сома:
Алтын медаль – 250 000 доллар
Күміс медаль – 150 000 доллар
Қола медаль – 75 000 доллар
4-орын – 30 000 доллар
5-орын – 10 000 доллар
6-орын – 5 000 доллар