“Жалақымызды ала алмай отырмыз”: “Атырау” футбол клубының ұжымы облыс әкіміне үндеу жолдады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 наурыз, 2025
- 309

“Атырау” футбол клубының ұжымы облыс әкімі Серік Шәпкеновке үндеу жолдады. Олар өздеріне тиесілі жалақыларын ала алмай отырғанын айтты, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық футбол клубының ұжымы спорт басшысының белгісіз себептермен футбол клубына ақша аудармай отырғанын мәлімдеді.
“Біз Атырау облыстық футбол клубының ұжымы 2025 жылдың басынан бері өзімізге тиесілі жалақымызды ала алмай отырмыз.
Қаламыздағы барлық спорт ұйымдары облыстық бюджеттен қаржы алады және осы күнге дейін Атырау футбол клубынан басқа барлық ұйымдар ақша алып отыр.
Облспорт жаңа басшысы Нұрбол Сыдықов белгісіз себептерге байланысты Атырау футбол клубына қаражат аудармай отыр. Жылдың басынан бері клубтың еден жуушыларынан бастап футболшыларға дейін айлық ала алмай келеді. Адамдар несие төлеп отыр, бала-шағасын асырап, балаларды жаттықтыру үшін алыстан қатынайтын бапкерлер бар. Осы үндеу арқылы тез арада облыс басшылығынан мәселемізді шешіп беруді талап етеміз!”, “ деді ұжым.
Дереккөз көздеріне сенсек, футбол клубының ұжымы көтеріліс жасап, жұмысқа мүлдем шықпайтындарын айтқан.