Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық театр және кино актері Тұрсын Құралиев өмірден озды

Отандық театр және кино актері Тұрсын Құралиев өмірден озды
ашық дереккөз
Қазақстан Републикасының еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ардагер актері Тұрсын Құралиев 69 жасқа қараған шағында көз жұмды 

Қазақ театр және кино өнері орны толмас қазаға ұшырады.

Қайғылы хабар туралы Мүсірепов театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

1972 жылы Жезқазған қаласындағы облыстық театрдың ашылуына атсалысып, онда екі-үш жыл еңбек еткен актер 1976 жылдан бері Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, 42 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарған.

Аталмыш театрда жүзге тарта рөл сомдаған Тұрсын Құралиев кино саласына да біршама еңбек сіңірген.

Марқұммен қоштасу рәсімі 3 қазан күні сағат 10.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар