Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сен кімсің, бұл жерден кет: Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері тілшілерді балағаттап тастады

Сен кімсің, бұл жерден кет: Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері тілшілерді балағаттап тастады
ашық дереккөз
Әнші Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шәрімов журналистерді арқасынан ұрып, залдан қуып шыққан 
Әнші Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шәрімов ұйымдастырған гранд-балл туралы отандыө журналист, “Жайық Пресс” ақпараттық агенттігінің тілшісі  Динара Кіндербаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында  жазды. Айтуынша, керемет кештің соңы үлкен дауға ұласқан.

Үлкен іс-шарадан көңілі қалып қайтқан журналист Алпамыс Шәрімовтен дәл сондай әрекет күтпегенін айтты. Ол залда операторлармен бірге жүрген сәтте Алпамыстың арқасынан қағып, "бұл жерден кет" деп айтқанын жазған. Продюсердің бұл қылығына мән бермеген Динара кеш қонағынан сұхбат алып тұрған сәтте Шәрімовтің тағы да бес рет арқасынан ұрып, "Бұл жерден кет!" деп айқалағанын жеткізіпті.

"Ол менің арқамнан қағып жіберді. Қатты ауырған соң мен "Ұрғаныңыз не?" деп жауап бердім. Ал Алпамыс "Ұрамын, ұрамын! Көзіңді құрт бұл жерден" деп еріктілерді шақырып, мені есік жаққа апарып тастауды сұрады. Осылайша, олар мені кері апарып тастады", -дейді Кіндербаева.

Журналист біраздан соң бұл әрекетті "Ақжайық" арнасының тілшісі Ержан Өтепқалиевке де қайталап жатқанын байқапты.

"Алпамыс оған "Сен кімсің? Шық бұл жерден!" деп айғайлап жатқанда, Ержан оған "Ал, сен адамдарға бұлай қарым-қатынас жасайтын кімсің?" деп жауап берді. Сол кезде Алпамыс "Мен? Мен бәрінің иесімін! Мен осы баллдың иесімін!" деп айғайлайды. Шыдай алмаған соң, мен "Неге өзіңізді дұрыс ұстамайсыз? Бізбен адам сияқты неге сөйлеспейсіз?" деп сұрағанымда, ол "Мен сені шақырмадым. Кімсің сен? Бұл жерден кет дедім ғой. Оңбаған екенсіңдер!" деген жауап қайтарды", - деп жазады Динара Кіндербаев желіде.

 width=

Сәлден соң ұйымдастырушыны әріптесі Қарлығаш сабырға шақырыпты. Ол тілшілерден кешірім сұрап, Алпамыстың қатты уайымдап жүргенін, ал кей тілшілердің кейбірі дресс-код киіп келмегендерін алға тартыпты.

Жергілікті агенттіктің тілшісі "Ұлттық арнаның" журналистері кеш соңына дейін жүргенін айтып, күйінген.

Ол Алпамыстың адамдарды бөліп-жарып қарағанына ренішін білдірген екен.

 width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар