Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қолдауларыңызға рахмет: GGG көрген елордалықтар боксшыға тоқтаусыз қол соқты (видео)

Қолдауларыңызға рахмет: GGG көрген елордалықтар боксшыға тоқтаусыз қол соқты (видео)
ашық дереккөз
Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада “Барыс” — “ЦСКА” атты хоккей командаларының матчын көруге келген
“Барыс”жанкүйерлерінің арасында боксшының бар екенін жүргізуші айтты.  Барыс-ЦСКА хоккей матчына келген жүздеген астаналықтар залда Геннадий Головкин отырғаны айтылғанда, естерінен адаса жаздаған.

Таңданысын жеткізе алмаған олар ысқырып, айғайлап, орындарынан секіре бастаған. Осылайша, барлығы боксшыға шапалақ ұру үшін орындарынан тұра жөнелген.

Ал боксшы бұл сәтте VIP орнынан баршаға қол бұлғап, жүрек тұсын ұстапты.

Бұл видеоны GGG өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "үйде жылы қарсы алғандарыңыз үшін рахмет" деген жазбамен қалдырған.

https://www.instagram.com/p/BoeiDnEF67H/?utm_source=ig_web_copy_link Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізген соң, 2 қазанда Қазақстанға келді. АҚШ-тан еліне оралған ол, туған қаласы Қарағандыға да барып қайтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар