Басты жаңалықтар
Көмек сұрап, айқайладым: Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)
- автор kyn.kz
- 5 қазан, 2018
- 667
Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт бас-аяғы он минуттың ішінде таралып үлгерген. Тілсіз жау уақытында үйде 200-ден астам тұрғын болған
Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бар жоғы он минутта барлық үйге дейін таралып үлгерген.
Кенеттен шыққан өрттен жүздеген тұрғындар көшеге жиналды. Көпқабатты ғимаратты шарпыған қызыл жалынды сөндіру үшін өрт сөндірушілер келді. Олар баспалдақ арқылы көтеріліп және терезелерді сындырып, пәтерлерге кірген.
Өрт басталған тұста үйде 200-ге жуық адам болыпты. Қайта өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда тұрғындар қатты шошып қалған.
“Өртті көргенде подъезге жүгіріп шықтым. Көмек сұрап, айқайладым. Тонымды ала шығыппын, оны қайтетінімді білмеймін. Құжаттардың бәрі өртеніп кеткен шығар”, – деп жылайды тұрғындардың бірі.
https://www.instagram.com/p/Bogibybh-B1/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
“Бос сөздің керегі жоқ“: Президент патриотизм туралы айтты
- авторkyn.kz
- 22 наурыз, 2026




