Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қатты тисе де айтайын: Головкин Қазақстан туралы бар ойын жайып салды

Қатты тисе де айтайын: Головкин Қазақстан туралы бар ойын жайып салды
ашық дереккөз
Кәсіпқой спортшының айтуынша, елімізде жас боксшыларға қатысты ешқандай жағдай жасалмаған
Отандық боксшымыз Геннадий Головкин АҚШ аумағында жас спортшыларға қолдау көрсететін GGG Promotion компаниясын ашып, қазіргі таңда Әли Ахмедов, Руслан Мәдиев секілді боксшыларға көмектесіп келеді. Головкиннің айтуынша, бұл талантты жігіттердің үлкен потенциалы бар. Ал "спортшылардың жаттығуы неге АҚШ-та өтеді?" деген тілшілердің сауалына GGG былай деп жауап берді. " Қатты тисе де айтайын, Қазақстанда кәсіпқой бокс жоқ. АҚШ-тағыдай жағдай жасалмаған. Біз таңдап алған жігіттер менімен бірге жаттығады", — деп мәлімдеді Геннадий Головкин. Боксшы спортшыларды іріктеу кезінде екі маңызды критерийге басымдық берілетінін айтты: олар тәжірибелі және еңбексүйгіш болуы тиіс.

"Үлкен спорт қауіп-қатерге толы, мен өз шәкірттерімнің денсаулығына жауаптымын, сондықтан спортқа келгеніне енді бір жыл болғандар менің командама қосыла алмайды", — деді Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекте жеңіліс тапты. Кейін Геннадий Головкиннің Қазақстанға келгені белгілі болды. Мұнда ол Қарағандыдағы спорт кешеніне барды, сондай-ақ Астанада "Барыс – ЦСКА" матчын тамашалады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар