Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян күйеуінің кәсібін бәйбішесі алып қойғанын айтып, Асановтан көмек сұрады

Баян күйеуінің кәсібін бәйбішесі алып қойғанын айтып, Асановтан көмек сұрады
ашық дереккөз
Продюсер: Біз үйленгелі шырқымызды бұзып, бизнесімізді толық тартып алғысы келетіндер тыныштық берер емес.
«Қазір күйеуіміз екеуміздің өмірімізде арсыз заңсыздық болып жатыр. Бізге қатысты алдын ала жоспарланған рейдерлік шабуылдау жүргізіліп жатыр. Жолдасымыз екеуміз де кәсібімізді өз күшімізбен, басынан бастағанбыз. Барлық кәсіпкерлермен тең салық төлейміз, жаңа жұмыс орындарын ашамыз, мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейміз. Өмір көрсетіп жатқандай, кейбіреулер бірге тапқан табысты бөлуді қабылдағылары келмей, бәрін алғылары келеді. Және сол азаматтар соттарды бизнесті («Galanz bottlers») рейдерлік тәркілелеу арқылы тартып алу жолында пайдалануда. Бұл мәселеге қатысты соттың жүріп жатқанына бір жылдан асты. Қазір Жоғарғы сотта Тұрсын Алагөзовтың «Galanz bottlers» компаниясындағы акциясына қатысты іс тергеліп жатыр», – деп жазған Баян ханым өзінің парақшасында. Продюсер істің мән-жайын барша халыққа жая отырып, Жоғарғы сот төрағасы Асановтан құқықтық орган жүйесінде әділеттілік орнатуын сұрады. «Сізден осы мәселені  мұқият тексеріп, шешіп беруіңізді өтінемін. Сіз аралассаңыз әділеттілікке қол жеткізетініме сенемін. Арсыз сот өкілдері біздің сот жүйесін масқараламау керек», – деп жазбасын қорытындылаған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар