Басты жаңалықтар
Бізден қателік кетті: Ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты кеден қызметі пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 8 қазан, 2018
- 345
Алматы әуежайының бас кеден қызметкері әнші Төреғали Төрәлінің билетсіз VIP-залға қалай өткенін түсіндірді
Бұл туралы "Время" басылымы жазды деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Кеден қызметінің басшысы Айбол Жақсылықовтың айтуынша, бұл түнгі ұшу болған. Сол себепті бұл сәтте ол әуежайда болмаған екен.
"Бұл түнгі ұшу болатын. Сондықтан мен бұл сәтте әуежайда болмадым. Маған ауысымдағы жауапты кісі хабарласып, мән-жайды айтты. Оған әуежайдың VIP-агенті келіп, ұшу залына Гонконгқа кетіп бара жатқан жанұясын шығарып салып жатқан ер адамды өткізуін өтініпті. Аталмыш азаматтың қолында ерекше күтімді қажет ететін сәбиі болған. Оларға бесік арба ұсынылған. Сонымен қатар менің қоластымдағылар кезекші дәрігерді шақыруға дайын болған. Алайда отбасы сәбидің әкесінің қолында жақсы сезінетінін айтып, бұл көмектерден бас тартқан. Біз сәбидің жағдайың ескеріп, оларға түсіністікпен қарап, ер адамға ұшу залына өтуге рұқсат бердік", - дейді оқиғаның мән-жайын баяндаған Айбол Жақсылықов.
Сондай-ақ әншіге ұшаққа өту рұқсат берілмеген екен, тек ұшу залына өтсін деп атап өткен.
Оған қоса, әуежайдың бас кеден қызметкері аталмыш ер адамның елге белгілі әнші екенінен білмеген.
"Біз тіпті мәселе танымал әнші Төрғали Төрәлі жайлы екенін де білмедік. Бізден тек жәрдем беріп, ер адамды ұшу залына өткізуін сұрады. Неге оның ұшаққа баламен кіргенін мен білмеймін. Оған қоса біздің ортақ нұқсаулыққа сәйкес, ол отбасының қасында басынан бастап бірге жүрген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Ол бортқа кімнің кіруге құқы бар, кімнің құқы жоқ екенін нақты білуі керек", - деген Жақсылықов өздерінің тарапынан қателік кеткенін мойындады."Мен мойындаймын. Біз қателік жібердік. Ер адамның осылай өзін ұстайтынын ешкім күтпеді", - дейді Алматы әуежайының бас кеден қызметкері.
Сөз соңында Айбол Жақсылықов аталмыш оқиғадан кейін қорытынды шығарып, олқылықтың орнын толтыратынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, "Эйр Астана" ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын.