Қазір марқұм қызының күйеуі Дәурен есімді азамат балаларын нағашы әжесімен мүлдем кездестірмей қойған. Оларды сабап, аяқ-қолдарын байлап, қорапшаға салып қояды. Осындай жантүршігерлік жайттың куәсі болған әйел немерелерін видеоға түсіріп, полицияға арызданды. Бірақ онысынан түк шықпай, тәртіп сақшылары керісінше, өзіне айыппұл төлетіп қойды.
"Балалар сарайдың алдындағы екі итке құйған тамақты ішіп жүр. Оларға ешкім тамақ бермейді. Жаз бойы ауылда ағылып жатқан қарбыз, қызанақ дегенді жеп көрмеген.Құдағиым (Дәуреннің анасы) да қазіргі келінінің ісін көзімен көріп отыр. Екеуміз балаларды дәрігерге алып бардық. Полицияға қайта арыздандық. Кішкентайлардың алған жарақаттарына, денсаулығының нашарлап кеткеніне қарамастан, оларға 75 мың теңге айыппұл салып қойды. Одан басқа ешқандай шара қолданбай, істі жауып тастады", - дейді қария.Енді Гүлбахор әжей немерелерін өз қамқорлығына алып, қатыгез ата-ананың тиісті жаза алуын қалайды. Осыған тиісті органдар назар аударып, балалардың бақытты өмір сүруіне қолдау көрсетуді сұрап отыр.