Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері өзін ұрды деп айыптаған журналистке жауап қатты

Димаш Құдайбергеннің экс-продюсері өзін ұрды деп айыптаған журналистке жауап қатты
ашық дереккөз
Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзіне жауап берді. Айтуынша, оның мүлдем кінәсі жоқ 

Басы дауға қалған экс-продюсер Алпамыс Шәрімов ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін өз ойын білдірді.  Ол өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистің сөзін жоққа шығарды.Бұл туралы Алпамыс өзінің желідегі парақшасында хабарлаған.

"Оралдық журналисттің маған ренжулі постын оқығанда "Бұл кісі кім туралы айтып отыр екен" деп таңқалдым. Жалғызбасты ананың тәрбиесімен өскен мен әйел адам түгіл өмірімде ешкімді де ұрып көрмеппін! Және де "Бір рет емес бес рет ұрды" дейді. Бұл далбасалыққа кім сене қояр деп осы күндері үндемей қойғанмын. Бірақ, осы оқиға осыншама резонанс туғызып, менікі "молчание знак согласие" болып қалмасын деп жазып отырмын.

Ешкімнің алдында ақталмаймын. Оқиғаны видео дәлелмен жариялауды жөн көрдім. Балдың жұмыс істеу зонасында тұрған барлық жандарға я отыруларын немесе жолда тұрмауларын өтінген болатынбыз. Сол сәтте бір журналисттің маған "не бейте" деген сөзін өзім де түсінбей қалдым. Ұрмақ түгіл, саусағымның ұшын тигізбеген сәтте қатты ашуға беріліп, долданып кеткен оны ешкім кештен қуып шыққан жоқ" , - деді Алпамыс Шәрімов өзінің желідегі парақшасында.

Сондай-ақ  продюсер видеожазба түріндегі дәлелдемелер келтірді.  Ол әрбір қимылының қай уақытта және қалай жасалғанына дейін тізіп жазып шыққан.

https://youtu.be/eQ0xhbaIiq8 https://youtu.be/J_0QIdcD4IM

"Дәл бүгін әкемнің өмірден өткеніне 25 жыл. Журналисттің постындағы әсіресе "тәрбиесіз" дегені мені жалғыз бағып өсірген анамның жүрегіне қатты батты. Көрші көлемнің анама қайта-қайта хабарласып, мазасыз қойған сұрағы да бұл постты жазуыма мәжбүр етті. Жазасыз жанды қараламас бұрын, жасап жатқан ісімізге оң бағасын беріп алғанымыз абзал.

Менің тарапымнан қандай да бір қателік кетсе, кешірім сұраймын. Әр күнге махаббатпен қараңыздар", - деп жауап қайырды Димаш Құдайбергенннің бұрынғы продюсері.

Естеріңізге сала кетейік, оралдық журналист өзіне Алпамыс Шәрімовтың қол көтеріп, балдан қуып шыққаны жөнінде жазып, ренішін білдірген болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар