Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Əнші Очоу өзін "Сайлаубек 2" дегендерге өкпелеп қалды

Əнші Очоу өзін "Сайлаубек 2" дегендерге өкпелеп қалды
ашық дереккөз
Отандық әнші Олжас Абай өзін Сайлаубекке теңегендерге ренішін білдірді
"Шатағым жоқ бұл азаматта. Расы керек өзім көп пікір оқысам да,  жауап жазбаймын сынның жолын таңдағасын. Бірақ соңғы екі жыл мына сөз расымен оқығанға, не ренжігенге, не көңіл бөлмегенге келмейді енді. Түрің келеді, сақал мұрт болғасын қазақ жігіттері бір- біріне келбет жағынан ұқсайтын шығар , бірақ бір емес бірнешесі "Сайлаубек екі" деп жазады. Мен не сонда 10 жыл өнер деп өзегімді жыртып келем. Барымды да, жанымды да аямаймын 4 жыл оқимын өнер академисында. Англияда диплом тапсырам, қазақ театрында екі жыл қызмет атқарам әннің мәнін білетінадамдармен  жұмыс жасаймын. Сонда сағына жеткен халқымның жастардың алдында ән айтсам. осы жігіттің екіншісі болу керек пе? Осыған ұқсайсын болмаса "екі" дейтіндерге айтарым жастардың тілімен "әрі кетіңдерші",- деп ашуланды әнші. Мұны көрген желі қолданушылардың ойы екіге бөлініп кетті. Бірі әншінің шын мәнінде Сайлаубекке ұқсайтынын айтса, енді бірі мұндай теңеулерге көңіл бөлмей -ақ қойыңыз деп кеңестерін айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар