Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлназ Әлімгерей "бізді менсінбейді" деп ренжіген сыныптастарына жауап берді

Гүлназ Әлімгерей "бізді менсінбейді" деп ренжіген сыныптастарына жауап берді
ашық дереккөз
Тележүргізушінің бала күнгі достары көп жағдайда оны жұлдыз ауруына шалдықты деп айыптайды екен
Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерейдің  сыныптастары оны  "адам танымай қалды, бізді менсінбейді" деп ренжитін көрінеді. Сыртынан осы сарындас сындарды жиі естісе керек, тележүргізуші желідегі парақшасына бала күнгі достарын танымай қалуының себебін түсіндірді,-деп жазды KYN.KZ. "Мына фотода мен ауылдан қалаға көшіп келген кез. 1995 жыл. Ақтөбедегі 5 шағын аудандағы N30 мектеп. Анам орыс мектебіне құжаттарымызды өткізуге барып, темекі тартып тұрған орыс қыздарын көріп шошып, қарама-қарсы тұрған қазақ мектебіне бұрылып кеткен (себебі ауылда бес класс орысша оқыдым)Сол жылы бірден үздік оқитындардың қатарына қосылдым.  width= Тургенев көшесінде бір жыл тұрып, сосын "Космосқа" көшіп кеттік (шағын аудан)7-11 сыныпты N21 мектептен оқып бітірдім. Бала күнімнен бері жүрген жерімде бірден құрбы тауып алатын едім. Мінезім ашық болған соң ба, қайдам?! Бүгінде байқасам, айналама тек әдемі қыздарды жинайды екем. Студент күнімдегі құрбыларым да шетінен сұлу. Айтпағым кеше Қадір түнінде мені сол Ақтөбеде бір-ақ жыл оқығанда дос боп кеткен кластасым Нұргүл іздеп тапты. Бірден таныдым. Өзгермеген (қара көйлек киген қыз). Ақтөбеде тұрады. Ол қарапайымдылығымен есте қалды. Сол жылдары олар да отбасымен Қандыағаштан көшіп келген еді. Одан кейін оң жағымдағы ұзын қыз - қаланың қызы Әсел. Тілі - орысша. Үйдің жалғызы. Құдайға шүкір орысшам бар бірден тіл табысып кеттік. Үйден бір-бірімізге тамақ таситынбыз. Әселдің бауырсақтары дәмді еді Анасы - дәрігер. Бассейнге анықтама жасап берген. Нұргүлдің жанында тұрған Мәлика. Ол бізден бір сынып төмен оқыды, менің ауламның қызы. Кругқа қосып жүрген мен. Сондай мейірімді болатын...Өткен күнде белгі бар деген осы-ау?! Іштей өзімді аяп кеттім. Бес жыл ауылда, бір жыл 30-да, бес жыл 21-де. Арасында түрлерін, есімдерін ұмытып, танымай қалатыным да болады. Оны кей кластастар бүгінгі жағдайыммен байланыстыруы мүмкін. Қате ойламаңыздар! Мен әр қайсыңызға қуанам (оның үстіне "память" нашар) Осы күні бір мектепте 11 жыл бойы бірге оқыған кластастарға қатты қызығам. Бәрін айт та бірін айт, Қасиетті Қадір түнінде Нұргүл екеуміз бір-бірімізді тапқанымызға қатты қуандық.",-деп жазған тележүргізуші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар