Басты жаңалықтар
"Junior Eurovision-2018" халықаралық байқауына қазақ тілінде бейнебаян түсірген Данэлия Төлешова көпті тәнті етті (видео)
- автор kyn.kz
- 9 қазан, 2018
- 229
Украинада өткен “Голос.Дети” байқауының жеңімпазы, "Junior Eurovision-2018" халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын жас әнші Данэлия Төлешова шығармашылығындағы жаңалығымен қуантты
Тың туынды “Өзіңе сен” деп аталады. Бұл – Данэлияның репертуарындағы екінші әніне түсірілген бейнебаян.
Трек қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған. Бір қызығы, қазақ тіліндегі ән мәтінінің авторы Данэлияның өзі екен. Ол әннің сөзін Камила Даировамен бірлесіп жазған. Ал туындының сазы мен ағылшын тіліндегі мәтін украиналық авторларға тиесілі.
Айта кетейік, күні кеше жарыққа шыққан бейнебаянды 13 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген. Олардың басым дені Төлешованың жаңа жұмысын жоғары бағалап, табыс тілеуде.
https://youtu.be/lmKB_jFq65o