Төреғали Төреәліні ұшаққа заңсыз кіргізгендер жазаланды
- автор kyn.kz
- 9 қазан, 2018
- 184
Тексеру жұмыстары бойынша, Алматы әуежайында авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін, рұқсат етілмеген тұлғаның бақылау аумағы мен әуе кемесінің бортына заңсыз өтіп кеткеніне байланысты көрсетілген әуежай мен әуе компанияның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 570-бабының 1-тармағына сәйкес мына қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
1. Рахимгереев Ринат Булатович – "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
2. Қырғызбаев Абылай Жәрдемұлы – "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
3. Закирова Шолпан Бекетовна – "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
4. Абдурахипова Карина Рафаильевна – "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының жолаушыларға қызмет көрсету агентіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);
Авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзуды болдырмау мақсатында Азаматтық авиация комитетінің инспекторлары қауіпсіздік қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне әуежайдағы өткізу және нысанішілік режимі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Комитет өз жұмысында заң бұзушылықтарға төзбеу қағидасын ұстанады және алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмейді деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, "Эйр Астана" ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын.