Басты жаңалықтар
Ауыр қылмыс жасаған петропавлдық тұрғын 17 жылдан кейін Ресейде ұсталды
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2018
- 209
Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 17 жыл бұрын адам өлтірген деген күдікпен іздестіріліп жүрген азаматты Ресейден тапқан
2001 жылы Петропавл қаласында жасалған қылмыс әлі күнге дейін ашылмай келеді. Оған қылмыскердің шекара асып, басқа елде тығылып жүруі себеп. Алайда құзырлы орган қызметкерлерінің іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа күдікті азамат Санк-Петербург қаласында жүргені анықталды.
«Қылмыс Петропавл қаласында 2001 жылы орын алған. Осы уақытқа дейін күдікті жасырынып жүрген, тек бір кезде ғана ресейлік билік өкілдерінің назарына түскен. Ресей мен Қазақстанның полиция қызметкерлерінің бірлесіп жұмыс істегендігінен күдікті ұсталып, қамауға алынды», – деп жазған ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда күдікті Қазақстанға экстрадациялау процессін өтіп жатыр. Мұнда оны сот күтіп тұр. «Өлтіру» бабы бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздеу процессі қылмыстың жасалған уақытына байланысты емес. Біздің қызметкерлер әртүрлі нұсқаларды зерттеп, күдіктіге шығарар ақпараттарды жинақтайды», – дейді Петр Климов, ІІД басшысы.
Жыл басынан бері іздеуде болған 69 адамның 59 табылған. Оның ішінде 23 ауыр қылмыс жасағандар.