Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызымның артынан өзім өлуге келдім: Лифтіде қайтыс болған журналистің анасы жанайқайын жеткізді

Қызымның артынан өзім өлуге келдім: Лифтіде қайтыс болған журналистің анасы жанайқайын жеткізді
ашық дереккөз
Ақтөбеде лифттіде жаншылып қалған танымал журналист Айзат Әбдісаматтың анасы  соттың созылып кеткенінен әбден шаршағаныны айтады
"Мен әр сотқа келген сайын жүйкем тозып бітті. Алты рет сотқа шақырған екен. Оның екеуінде ғана іс қаралды. Қалған кездерде әртүрлі жағдайлармен кейінге шегеріліп отырды. Шыны керек, қызымның артынан өзім өлуге келдім. "Артынан қалған үш жасар қызды жеткізу үшін өмір сүруім керек" деп өзімді қайрап жүрмін. Күйеу балам 30 жастағы жас жігіт. Келіншегінің жылын бергеннен кейін үйленуге рұқсатымды беріп отырмын. Жиен немерем өгейлік көрмеу үшін өмір сүруім керек. Соттың созылып кетуі мені шаршатып жіберді. Әр сотқа келген сайын өмірім бес жасқа кеміп бара жатқандай. Көз жасым шыққан сайын өліп бара жатқандай сезінемін.

Мен математика пәнінің мұлалімімін. Ана жақта жұмысымның сапасы нашарлап кетті. Сотқа келу үшін қайта-қайта сұранамын. Сабағымда әркімге тапсырып, сот болатын күні қалаға жүгіремін. Орныма "апа, барыңыз" деп әркім сабақ беріп жүр. Сот созылып барады", - деп ашынады марқұмның анасы  Айша Төлемісова.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар