Басты жаңалықтар
Сүйікті әншісінің суретін 29 жыл бойы сақтаған көкшетаулық әже жұртты сүйсінтті (видео)
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2018
- 215
Әйгілі “МузАрт” ансамблі Қазақстанды аралап, кезекті турнеде жүр. Әншілердің айтуынша, тыңдармандары оларды таңғалдырудан жалықпайды
Көкшетауда болған қызықтардың бірі. Қарт-ана Мейрамбек Бесбаевтың суреті мұқабаға шыққан журналды 30 жылға жуық сақтаған екен. Қария концерт кезінде сары майдай сақтаған құндылығын Бесбаевтың өзіне табыстап, көпті таңырқатты.
“Әжеміздің 29 жыл сақтаған Мейрамбек мұқабасына шыққан “Қазақстан әйелдері” журналы. Пейіліңнен айналайын, ақ әжем”, – деп жазды Сәкен.
Желі оқырмандары Мейрамбектің бақытты әнші екенін айтып, әжейдің қылығына тәнті болды.
“Мейрамбекке апамыз үлкен сый жасаған екен", "Бұл халқымыздың өз өнеріне деген сүйіспеншілігі ғой", "Керемет көрініс", "Осындай тамаша сəттерді қалт жібермей халыққа паш етіп отыратын Сакен, айналайын аман бол!” – деп пікірлерін білдірді желі қолданушылары.
https://www.instagram.com/p/Bowh8kEnN49/?utm_source=ig_web_copy_link
Келесі мақала