Басты жаңалықтар
Қазақстандық Ресейде үш әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 12 қазан, 2018
- 500
Ресейдің Липеца облысында 41 жастағы Қазақстан тумасы үш әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Қазақстанның тумасы ағымдағы жылдың тамыз-қырүйек айларында адам аз жүретін жерлерде әйелдерді ұстап, өлтіремін деп қорқытып, соңында зорлап кетіп жүрген. Ол өзінің арам пиғылын қараңғы түскенде жүзеге асырып отырған. Кейінірек жәбірленушілер полицияға арызданып, күдікті көп ұзамай қолға түскен.
Әрбір іс бойынша жеке қылмыстық іс ашқан тергеушілер жәбірленушілерге генетикалық сараптама жасап, барлығын бір адамның зорлағанын анықтаған.
Құқық қорғау органдарының қолында бұлтартпас айғақ барына қарамастан, азамат өзінің қылмысын мойындамай отыр. Енді оның қандай жазаға тартылатыны сот отырысында белгілі болады.