Басты жаңалықтар
Қызылордада жігіт сүйіктісінің басын кесіп, денесін бөлек лақтырып жіберген
- автор kyn.kz
- 12 қазан, 2018
- 226
Алдын ала болжам бойынша жігіт мұндай әрекетке қызғанғандықтан барған болуы мүмкін.
Полицейлер бірінші қыздың бассыз денесін тауып алған, көлік ішіндегі марқұмның жігіт болса бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған.
Қыздың өліміне пышақ жарақатын алған жігіт күдіктеліп отыр. Алдын ала бейресми болжам бойынша жігіт сүйіктісін қызғанып, өлтіріп тастаған болуы мүмкін. Қазір ол бойындағы жарақатының салдарынан ауруханаға жеткізілген. Ал қыздың денесі болса сотмедициналық сараптамасын жасау үшін арнайы зертханаға жөнелтілді.
Оқиғаның болғанын жергілікті ІІД растап отыр. Желідегі ақпарат мәтініне сәйкес, қаладағы Тасбөгет кентінде қыз бен жігіттің ес түссіз көлік ішінен табылғаны айтылды. Олардың қолы кесілген. 1992 жылғы азаматтың сол жақ білегі мен асқазаны жарақаттанғандықтан ауруханаға жіберілген. Ал, мәйітті тексеру үшін мәйітханаға жеткізгені айтылған.
Облыстық ІІД бұл оқиғаны растады. Алайда барлық мән-жай туралы ақпарат таратылмайтынын ескертті.
Облыстық ІІД мәліметінше, оқиға 10 қазанда болған. Оған қатысты күдікті ұсталып, қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы анықталу үстінде.