11 әйелді аяусыз өлтірген атышулы қылмыстың оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді
- автор kyn.kz
- 13 қазан, 2018
- 215
Полиция полковнигінің айтуынша, 2011 жылы жұрттың үрейін тудырған қылмыс орын алған. Белгісіз адамдар төрт әйелді аяусыз өлтіріп кеткен. Олар марқұмдарды тонап және зорлаған.
Оған қоса барлық жағдайда қылмыскерлер бірдей әрекет еткен. Яғни олар теміржол вокзалында құрбандарына такси қызметін ұсынып, жолай олардың ақшасын, құнды заттарын алып, содан кейін зорлап, өлтірген.
Қылмыскерлерді іздеу үшін ең мықты деген мамандар тартылды. Тіпті, Ішкі істер министрлігінің де қызметкерлері қаскөйлерді табу үшін барын салған.Кейін олардың шетелде жүруі мүмкін деген ақпарат шықты.
"Біз Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға халықаралық тапсырма жолдадық. Сосын жауабын күттік", - деген Қожамұратов оларға Өзбекстан ІІМ жауап келгенін айтады.
Хатта ол жақтада белгісіз біреулердің ұқсас сценариймен жеті әйелді өлтіргендері жазылған.
Сол кезде екі мемлекеттің жедел қызметкерлері екі қылмыстық істі біріктіріп, күдіктілерді іздеуге кірісіп кетеді.
Арада көп ұзамай полицейлер алғашқы қылмыскерді ұстайды. Ол 1986 жылы дүниеге келген, бұрын Алматыда қарақшылық және тонау бойынша сотты болған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол бар кінәсын мойындап, өзінің сыбайласын ұстап береді. Ол кейін Ташкентте тұтқындалған.
Жедел тергеу шарасы кезінде полицейлер осы екі ер адамның 11 әйелді аяусыз өлтіргенін дәлелдеп шыққан. Нәтижесінде қылмыскерлер өмір бойын бас бостандығынан айырылған.