СҚО-да кәсіпкер туған ауылына 58 млн теңгеге мектеп салып берді
- автор kyn.kz
- 13 қазан, 2018
- 296
СҚО-да кәсіпкер туған аулына естен кетпес сый жасады. Жомарт жан 1967 жылдан бері тұрған мектептің қабырғасын ғана қалдырып, жаңа білім ордасын салып берген.
Сонымен қатар қайырымды жан ауылына балабақша, емдеу мекемесі, тұрғын үйлер салуға өз үлесін қосқан деп хабарлайды Хабар 24.
Ауылына жұртшылығына қуаныш сыйлаған кәсіпкердің есімі-Біржан Шәймерденов.
Ол 51 жыл бойы тек қырлап-сырлаудың арқасында келе жатқан мектепті бастан-аяқ қайта күрделі жөндеуден өткізіп, халықтың игілігіне берген. Ол үшін Біржан Шәймерденов қалтасынан 58 млн теңге жұмасаған.
Қазір ішіне жылу кіріп, қайта салынған мектепте 40-қа жуық бала білім алады. Ал мектеп жанынан спортзал салынып жатыр.
Сондай-ақ, жормат арқасында Дайындық ауылында 65 үйдің жартысы шаруашылық есебінен тұрғызылған.
Кәсіпкер қоластындағылардың ескі үйін сүріп, орнына жаңасын салып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосып берген.