Басты жаңалықтар
Жұлдыз: Не киетінімді, барған жерде не сөйлейтінімді Қайрат алдын ала шешеді
- автор kyn.kz
- 13 қазан, 2018
- 1.3k
Әбдікәрімова ұл бала дүниеге алып келу үшін арнайы есептеп "көтеремін" деп Жаратушының қаһарына ұшырадым деп есептейді.
Жұлдыз Әбдікәрімова отбасында өзіне қарағанда күйеуі Қайрат өзін көбірек қызғанатыны жайлы Ләйлә Сұлтан қызына айтып берді.
"Ия, ол мені қызғанады. Күнде телефонымды тексеріп отырады. Мен оның телефонына, жеке хаттарына жоламаймын. маған ол нәрсе керек емес. Киімдеріме дейін өзі шешеді.
Не киюге болады, нені киюге болмайды бірден өзі іріктеп береді. Баратын жерімде не айтуға болады, қандай кісілермен отырамыз барлығын, барлығын айтып, түсіндіріп отырады.",- дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Жұлдыз өзінің тек ұл бала армандап, осы арманға қол жеткізу үшін есептеп жүкті болғанына өкінеді. Әрі ол әрекетіне байланысты Жаратушының жазасын алдым дейді.
"Үшінші перзентім күнде "неге мен жалғыз ұлмын. Екі әпкем бір- бірімен ойнап жүреді. менің інімді ертерек үйге алып кел" дейтін. Содан мен есептетіп жүкті болдым. Төрт айға жақындағанда дәрігерлер оның құрсағымда жүрегі соқпай тұрғанын анықтады.
Содан, бұл жайтты "есептеп жүкті болып, ұл туатын кімсің" деген Жаратушының жазасы болар деп қабылдадым. Содан кейін ешқандай ондай дүниелерді қолданбай, Алланың қалауымен төртінші ұлымды дүниеге алып келдім."- дейді актриса.