Басты жаңалықтар
Танымал отандық актриса Гүлназ Жоланова күйеуге шыққанын жоққа шығарды
- автор kyn.kz
- 15 қазан, 2018
- 3.2k
Кино саласының жұлдызын көпшілік актер Аян Өтепбергенмен қосады. Тіпті, екеуін үйлендіріп те қойғандары да бар. Алайда, актрисаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды
“Қоғамға бір пайдамды тигізейін деген арманым бар. Күйеуге армандамай-ақ шығармын. Бұйырған уақытта. Әзірге ешқандай ұсыныс жоқ. Әрине, уақытында шығу керек. Оны армандап, күнде ойлаудың қажеті жоқ сияқты. Бәрі өз сәтімен келетін кезең”, – дейді Жоланова.
Сондай-ақ , Гүлназ “Бизнес по-казахски в Африке” фильмінің түсірілімі жайлы да айтып берді.
“Мен продюсер, режюссер емеспін, тек қана актрисамын. Дегенмен түсірілімді көргендіктен, өзімнің болжамым бар. Сәтті болатын сияқты. Себебі қарама-қайшылық бар. Бұған дейін озық Америка еліне барып, өздерін көрсетіп келсе, бұл жолы өркениет жоқ елге барып келді. Контраст, қара адамдар. Әрі Нұрлан Африкада фильм түсіріп жатқан алғашқы қазақ”, – дейді Гүлназ.
Актриса алғаш рет фильмнен қанша пайда тапқанын жариялады. Ол небәрі 5 күнге созылған түсірілім күнінен 2 миллион теңгеге жуық гонорар алған екен.
“Түсірілім күнім аз болды. Дегенмен 3-4 жылқының құны шығады”, – дейді актриса.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




