Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұлы дала комедиясы: Төреғали су жаңа фильмінің тұсауын кесті (фото, видео)

Ұлы дала комедиясы: Төреғали су жаңа фильмінің тұсауын кесті (фото, видео)
ашық дереккөз
Үнемі дауға қалып жүретін Төреғали Төреәлі өзінің "Ұлы дала комедиясы" фильмінің жабық көрсетілімін өткізіп, БАҚ өкілдерімен сұхбат өткізді 
https://www.instagram.com/p/BoFOP_oAu_l/?utm_source=ig_web_copy_link

Фильмнің лентасын Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов қиса, әншіге қолдау білдіре келген әріптестері қызыл кілеммен жүріп өтті.

Алматыдаға кинотеатрлардың үш кабинасын жалға алған әнші, біріне тек журналистерді жайғастырса, қалған екеуіне жұлдыздар көші орналасты.

https://www.instagram.com/p/Bo6rRauACxJ/?utm_source=ig_web_copy_link

"Ұлы дала комедиясының" сюжеті Төреғали есімді әншінің жұлдыз ауруына шалдығуынан басталып, жол апатына ұшырауына жалғасады.

https://www.instagram.com/p/Bo7QAmjFCLN/?utm_source=ig_web_copy_link

Ол ес-түзсіз жатқан шағында өзге біреудің өмірін сүреді. Аяғы ауыр келіншегі мен жалдамалы пәтері бар Төреғали өзінің "жұлдыз" екенін дәлелдегісі келгенімен, айналасындағыларды сөзіне сендіре алмай әлекке түседі.

https://www.instagram.com/p/BnMPqO_Acyw/?utm_source=ig_web_copy_link

Фильм бәрінен де отбасының, жақындардың артық екенін көпшілікке ұғындыруды мақсат еткен.

https://www.instagram.com/p/Bo6rw2agnFv/?utm_source=ig_web_copy_link

Айта кетейік, ұлы дала баласының туындысының тұсаукесеріне Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, "Өнер қырандары", "Меломен" тобы, Тоқтар Серіков сынды әншілер мен әртістер жиналды.

https://www.instagram.com/p/Bo35eUSgf5A/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар