Басты жаңалықтар
Назарбаева мектеп асханаларын жалға беріп, ақы алуды ұсынды
- автор kyn.kz
- 16 қазан, 2018
- 707
Сенат депутаты: Мектеп асханасында той жасайтындар жалға алу ақысын төлеуі тиіс
Бұл туралы КТК арнасы жазды.
Мектеп өз ақшасының біраз бөлігін өзі табуы керек. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің мұғалімдерімен кездескен сенат депутаты Дариға Назарбаева осылай деп мәлімдеді.
Жолдауды ұстаздарға жан-жақты түсіндіруге келген сенатор білім ордасындағы асхана, спорт зал және ойын алаңдарын жалға беруді ұсынды.
Дариға Нұрсұлтанқызы сабақ аяқталып, барлық оқушыны үйге жібергеннен кейін мектептен қосымша табыс табу керектігін жеткізді. Ал түскен пайда мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс дейді сенатор.
Сондай-ақ, білім ошағының арнайы қонағы болған Дариға Назарбаева ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
"Ауылдар мен кей өңірлерде мектеп асханасында дастарқан жайып, дүбірлетіп той жасайды. Енді осы тойдың ақысын ресми түрде мектеп бюджетіне аударсақ деймін.
Менің айтып отырғандарым Білім беру бағдарламасында қарастырылған", — деді сенат депутаты Дариға Назарбаева.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




