Басты жаңалықтар
Бекболат Тілеуханың 14 баласының ерекше есімдері көпшілікке ұнап қалды
- автор kyn.kz
- 17 қазан, 2018
- 222
Дәстүрлі әнші алғаш рет халыққа балаларын таныстырды.
Саясаткер бұл туралы Қазақстан арнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасында айтты.
“Біз асыраймыз деп ойлаймыз. Бірақ баланы асырамақ түгілі, қара басыңды алып жүріп ал.
Құдай бермесе, кешке жейтін тамағыңды да таба алмай қаласың. Қазақ айтады, бір қозы туса, жусанның басы айыр шығады дейді. Ол – бір. Екіншіден, әке-шешем 1943 жылы үйленіпті. Соғыс кезі, той да жасамаған.
Қойдың сүр саны мен бидайды қуырып, елге таратып берді. Елдің батасын алды. Шешем 14 құрсақ көтеріпті, соның 10-ы бертінге дейін тірі болды. Сонда ешбірімізге де пәтер не көлік алып берген жоқ.
Олар бізге жақсылап тәрбие берді. Бізге балық емес, қолымызға қармақ берді. Сол сияқты балалардың тәрбиесі жақсы болса, Алла қабілет берсе, дендері сау болса, ең басты нәрсе – сен тәрбие бересің.
Өмірде жетістікке жетіп жатқан адамдарға қарасаңыз, ешқайсысын әке-шешесі жетектеп топқа қосқан жоқ. Алла Тағала санасына береді. Сондықтан ол нәрседен қорқуға болмайды.
Шешемнің қалдырған өсиеті, әкемнің көрсеткен үлгісі осы. Осынша кең далаға сиыр жаймаймыз, адаммен толтыру керек. Қаланың жағдайында мүмкіндігіміз осы болып, 14-пен шектеліп қалдық.
Олардың есімдері:Нұрмұхаммед, Нұрдаулет, Зейнеп, Ажар, Дәнел, Медина, Сафия, Жамал, Абулхамит, Абдулла, Әбдірахман, Ахмет, Әбдісабыр, Махмұт.”, – дейді дәстүрлі әнші.